Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар icon

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар

Реклама:



Скачать 243.46 Kb.
НазваниеЖануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар
Дата22.06.2013
Размер243.46 Kb.
ТипДокументы
источник

testent.ru Page 22.06.2013

Биология 2012 Сұрақ - Жауап ҰБТ-ға көмекші


  1. Зоология ғылымы зерттейді: Жануарларды

  2. Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар

  3. Қосмекенділердің өкпесінің пішіні: Сопақша

  4. Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза

  5. Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер тұқымдас

  6. Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан

  7. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді: Көмірқышқыл газы

  8. Тұқымы бір жарнақты өсімдік: Күріш

  9. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі: Асқорыту, сөл шығару

  10. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын

  11. Адам мен жануарлар жасушасында болмайтын қабықша: Жасунықты

  12. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлігі: Ми көпірі

  13. Адамның қол сүйектері: Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ

  14. Қаннің ұюына қатысады: Тромбоциттер

  15. Көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше: Кеңірдек

  16. Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери ауруына ұшырайды: В1

  17. Эктодерма дегеніміз: Сыртқы ұрық жапырақшасы

  18. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі: Биосфералық

  19. Биотикалық факторлаға жататын: Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі

  20. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік: Арцелла

  21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік: Таллом

  22. Бұршақ тұқымдастардың гүлінің формуласы: Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1

  23. Гистондар кездеседі: Жануарлар мен өсімдіктердің ядросында

  24. «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашқан: Н.Вавилов

  25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы: К.Линней

  26. Лейкопластардың қызметі: Қор затын жинауға қатысу

  27. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік: Шаян

  28. Тірі ағзаларда тіпшілік етеді: Паразиттер

  29. Қына денесінді саңырауқұлақ: Су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді

  30. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы: Қауырсын тәрізді

  31. Адам қанының атқаратын қызметі: Газ тасымалдау

  32. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы жарыққа шықты: 1996 ж

  33. Пиязшықты өсімдік: Қызғалдақ

  34. Гүл сағағының жоғарғы кеңейген жері: Гүлтабан

  35. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері: Атпа жасушада

  36. Жорғалаушылардың қан айналым жүйесі: Екі жүрекше, бір қарынша (жартылай бөлінген), екі қанайналым шеңбері

  37. Бүйрек үсті безінің ішкі қабатынан бөлінетін гармон: Адреналин

  38. Есту фймағы орналасқан ми бөлігі: Самай бөлігіндегі иірім

  39. Бұлшықет сүйекке байланысады: Сіңір арқылы

  40. Қарынның сілемейлі қабықшасының қабынуы: Жара(гастрит)

  41. Асқорыту орталығын реттейді: Сопақша ми

  42. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және механикалық әсерден қорғайды: Шел қабаты

  43. Ақуыздың жасушада синтезделуі: Рибосомада

  44. Қыналар денесінде саңырауқұлақтар мен балдырлардың өте тығыз бірігіп тіршілік етуі: Нақты селбестік

  45. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым: Антони Ван Левенгук

  46. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.Вавилов

  47. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын: Жүйке жүйесі

  48. Г.Мендельдің үшінші заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау

  49. Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі: Популяциялық-түрлік

  50. Тірі ағзалардың біртіндеп көтерілу(градиация) ұғымын енгізген ғалым: Ж.Б.Ламарк

  51. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро

  52. Жануарлар ағзасындағы ұлпалар саны: 4

  53. Туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды анықтады: 1882 ж. Р.Кох

  54. Жіп тәрізді көп жасушалы балдыр: Спирогира

  55. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік: Күнбағыс

  56. Қанның құрамына кіретін жасушалар: Лейкоциттер

  57. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым: Зоология

  58. Шырмалғыш сабақты өсімдік: Құлмақ

  59. +10 градуста өне бастайтын өсімдік: Күнбағыс

  60. Ішекқуыстыларға тән қасиет: Сәулелі симметриялығы

  61. Мишығы нашар дамыған: Қосмекенділерде

  62. Шытырман орналасады: Ортаңғы құлақта

  63. Шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді: Аксондар

  64. Арқа омыртқаларының саны: 12

  65. Оттегінің өкпеден ұлпа мен мүшелерге тасылуы: Гемоглабинмен байланысып, оксигемоглабин түрінде

  66. Бауыр ұйқы безінің өзектері ашылатын мүше: Ұлтабар

  67. Тері ауруларын зерттейтін ғылым: Дерматология

  68. Зат алмасу барысында қорғаныштық қызмет атқаратын органоиды: Жасуша мембранасы

  69. Ағзалардың бір-біріне тигізетін әсерлері жататын орта жағдайы: Биотикалы

  70. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік: Дизентерия амебасы

  71. Жабайы шомырдың гүлінің формуласы: Т2+2К4А2+4Ж(2)

  72. РНҚ-ның құрамына кіретін көмірсу түрі: Рибоза

  73. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы: Фенотип

  74. Тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы: Абиогенез

  75. «Зоология философиясы» еңбегінің автторы: Ж.Б.Ламарк

  76. Биология ғылымы зерттейді: Тірі ағзаны

  77. Қоректік заттар қоры жиналатын ұлпа: Негізгі

  78. Аяқ болмайды: жыланда

  79. Пеницилл саңырауқұлақтардың жататын негізгі тобы: Зең саңырауқұлақтар

  80. Бұршақ тұқымдастардың түрлерінің саны:12000

  81. Тістің кіреукесі: Тістің сыртын қаптайтын қатты ұлпа

  82. Өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертетін тамыр: Жемтамыр

  83. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар: Бұршаққын

  84. Тек қана толық түрленіп дамуға жататын сатысы: Қуыршақ

  85. Құстардың тұмсығы бұл: Мүйізді тақтайшаларымен қапталған жақ сүйектің созындысы

  86. Анатомия зерттейтін ғылым: Ағзаның құрылысы мен пішінін

  87. Жарықты еркін өткізетін ақ қабықшаның алдыңғы бөлігі: Қасаң қабықша

  88. Ересек адамның омыртқа жотасы иіледі: Төрт жерден

  89. Қан аздықтың себебі: Эритроциттер мен гемоглабиннің жетіспеушілігінде

  90. Көкірек пен құрсақты бөліп тұратын: Көкет

  91. Терінің ішкі қабаты: Теріасты шел

  92. Митохондрияда жүретін АТФ синетезі жүреді: Липид биосинтезінде

  93. Бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазған ғалым: Аристотель

  94. Адамның іс-әрекетінің ағзаға әсер ету факторы: Антропогендік

  95. Жасыл эвгленаның көбеюі: Жыныссыз ұзыннан бөліну арқылы

  96. Зеравшин аршасы неше жылда жеміс береді: 50

  97. Қырықжапырақтылардың жапырақтары түрлі қызмет атқарады: 2

  98. Микробиология ғылымында күкіртті бактерияны зерттеген: С.Н.Виноградский

  99. Бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру түрі: дигибридті

  100. Палеозой кезеңі: Девон

  101. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым: Зоология

  102. Сабаққа мықтылық қасиет береді: Тірек ұлпа

  103. Паразитті қарапаймдыларға жататын: Дизентерия(қантышқақ) амебасы

  104. Балық мына мүшесі арқылы тыныс алады: Желбезек арқылы

  105. Алқа тұқымдасына жататынулы өсімдік: Сасық меңдуана

  106. Адам ағзасында ас толығымен қорытылады: Аш ішекте

  107. Паразиттік тіршілік ететін тамыр: Емізік тамыр

  108. Қауашақ жемісті өсімдік: Мақта

  109. Бактерия жасушасының құрылысы: Қабықша, цитоплазма, ядро заты

  110. Өрмекшінің ауызы бейімделген: Сорып алуға

  111. Қосмекенділердің дернәсілдері тыныс алады: Желбезектерімен

  112. Эпителий ұлпасының қызметі: Қорғаныштық

  113. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйе: Шытырман

  114. Адамның аяқ сүйектері: Ортан жілік, асықты жілік, табан

  115. Қан қысымын өлшейтін құрал: Тонометр

  116. Кірпікшелі эпителий астарлаған мүше: Мұрын қуысы(кеңсірік)

  117. Митохондрия қызметі: Жасушаның энергия орталығы қызметін атқарады

  118. Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты: Палеозой

  119. Ұзақ күндік өсімдік: Сарысояу

  120. Өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ашық тұқымды өсімдік: Зеравшан аршасы

  121. Бұта болып өсетін ашық тұқымды өсімдік: Жатаған шырша

  122. В12 витаминінің жетіспеуінен болатын ауру: Анемия

  123. Кроссинговер дегеніміз: гомологтық хромосомалардыың бөліну кезінде айқасуы

  124. Хромосома бөлігінің 180º-қа бұрылып орналасуы: Инверсия

  125. Гомологиялық мүшелерге жатады: Жарқанаттың қанаты мен тышқанның алдыңғы аяғы

  126. Жасушаның құрамына жатпайды: Ұлпа

  127. Талшықтылар класына жататын жәндіктер: Жасыл эвглена

  128. Тастарға жабысып өсетін қына: Қабыршақты қына

  129. Бұталы раушангүлді өсімдік: Итмұрын

  130. Туа біткен иммунитет: Табиғи

  131. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ілім: Диетология

  132. Өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ: Қорық

  133. Сабақтың дәл ортасында орналасқан қабат: Өзеек

  134. Буңақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктер: Шие, лимон, шай

  135. Гидраның жынысты жолмен көбеюі: Қолайсыз жағдай туғанда

  136. Саңырауқұлақтар тобы: Эукариоттар

  137. Тұщы су қоймаларында ұсақ шаян тәрізділердің, шабақтар мен балықтардың қорегі: Дафния

  138. Шеміршекті балықтар: Акула, жұпбалық

  139. Қалқаншамаңы безінен бөлінетін гормон: Паратгормон

  140. Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы: Сопақша

  141. Адамның аяқ сүйектері: Ортан жілік, асықты жілік, табан

  142. Шартты рефлекс: Жарық

  143. АТФ синтезі жүреді: Митохондрияда

  144. Экожүйенің негізгі қасиеті: Өздігінен реттелу

  145. Лалагүлділер тұқымдасына, даражарнақтылар класына жататын шырынды өсімдік: Лапыз

  146. В1 жетіспегенде кездесетін ауру: Бери-бери

  147. Мейоздың бірінші бөлінуі: Редукциялық

  148. Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы алған академик: Ф.М.Мұхамбетқалиев

  149. Алғашқы құс-көнеқұс пайда болды: Мезозой

  150. Ежелгі ададардың ғылыми атауы: Архантроп

  151. Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды: Жасуша қабықшасы

  152. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым: Микология

  153. Бұта тәрізді қыналар өсетін жері: Қарағайлы орман төсемікте

  154. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюін жүзеге асыратын: Споралар

  155. Жауырын сүйек тобына жатады: Жалпақ

  156. Қан құрамындағы жаңа эритроциттер пайда болады: 4 айда

  157. Үстірт қорығының орналасқан жері: Маңғыстау

  158. Түрі өзгерген мүше арқылы көбейтуге жатады: Тамырсабақ

  159. Тыныс алу құбылысына тән: Органикалық зат ыдырайды

  160. Өрмекшінің зәр шығару мүшесі: Мальпигий тамыршалары

  161. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу

  162. Адамның жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны: 23

  163. Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен туатын ауру: Микседема

  164. Ішкі құлаққа жатады: Қуыстар мен иірім өзекшелері

  165. Адамның қарын сөлінің құрамында болатын тұз қышқылы: Бактерияларды өлтіреді(жояды) және ферменттердің белсенділігін арттырады

  166. Терінің қосалқы бөлімдері: Түк, тырнақ, мүйіз

  167. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез-құлық физиологиясының негізін қалаушы ғалым: И.И.Павлов

  168. Диплоидты ядроның мейозды жолымен бөілген кезде хромосомалардың түзілетін жиынтығы: Гаплоидты

  169. Сулы ортаны мекендейтін ағзалар: Гидробионттар

  170. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі: Лейшманиоз

  171. Бұршақтұқымдастардың ішті босататын дәрі ретінде пайаланатын түрі: Кассия (сана)

  172. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, онда хромосоманың бұл типі былай аталады: Телоцентрлі

  173. Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы алған академиктің басшылығымен алынды: Ф.М.Мұхамбетқалиев

  174. Опарин-Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым: Д.Тиндаль

  175. Құрылысы мен қызметі ұқсас, бірақ шығу тегі әр түрлі: Аналогиялық мүшелер

  176. Биология ғылымы зерттейді: Тірі ағзаларды

  177. Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа: Тірек

  178. Топырақты азотты қосылыстармен байытатын бактериялар: Түйнек бактериялары

  179. Бұршаққапты жемісті өсімдіктер: Беде

  180. Ми сауыты сүйектері мен сегізкөз: Қозғалмайтын

  181. Қан ұйымайтын ауру: Гемофилия

  182. Телу арқылы көбею жатады: Көзшелерінен телу

  183. Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер: Себет

  184. Хордалардың тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі: Өкпе

  185. Ауыз мүшесі кеміргіш буынаяқтылар: Көмекей

  186. Ашық алқаптарды мекендейтін құсты анықтаңыз: Ұлар

  187. Түтікшелер мен көпіршіктерден тұратын органоид: Гольджи комплексі

  188. Рефлекстік доға бөлімнен тұрады: 5

  189. Адамдарға тұмаудың жұғу жолы: Тыныс мүшелері арқылы

  190. Адам ағзасындағы ас қорыту жолының жұқпалы ауруы: Қантышқақ (дизентерия)

  191. Ас қорыту жүйесінде аминқышқылдарға дейін ыдырайтынорганикалық қосылыс: Ақуыз (нәруыз)

  192. Моносахаридтерге жатады: Глюкоза

  193. Тіршіліктің ғаламдық деңгейі: Биосфералық

  194. Тірі организмдер биологиясын, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін экология саласы: Биоэкология

  195. Қарапайымдар үшін цистаның маңызы: Қолайсыз жағдайдан сақтайды

  196. Қағаз өндірісіне пайдаланады: Кладофора

  197. Қазақстанда лалагүлділердің кездесетін түрі: 57

  198. Ферменттер табиғаты жағынан: Ақуыздар(нәруыздар)

  199. Дүние жүзінде тұңғыш рет қойдың арқар-меринос тұқымы шығарылған әдіс: Алыстан будандастыру

  200. Маймыладамдар: Питекантроптар

  201. Қазақстанда тұңғыш Қызыл кітап шықты: 1978 жылы

  202. Пластидтер болады: Өсімдіктерде

  203. Бауырдан бөлінетін сөл: Өт

  204. Паразит саңырауқұлақтар: Қаракүйе

  205. Әсемдік үшін өсірілетін раушангүлділерге жататын өсімдік: Раушан

  206. Тіс сауытының сыртын қаптайтын зат: Кіреуке

  207. Негізгі тамырдың дамуы: Ұрық тамыршасынан

  208. Жемісі жидек: Қарақат

  209. Безгек ауруының қоздырушысы: Маса

  210. Шаянның зәр шығару жүйесі орналасады: Бас бөлігінде

  211. Кесірткенің мүйізді қабыршақ терісінің негізгі қызметі: Құрғап кетуден сақтайды

  212. Адреналин гормоны бөлетін без: Бүйрек үсті безі

  213. Ағза мен сыртқы орта байланысын, қорғану әрекеттерін жүзеге асырады: Жүйке жүйесі

  214. Сіңір созылғанда көрсетілетін адғашқы көмек: Зақымдалған жерге суық шұберек басып, қатты орап тастау

  215. Адамның қаны берілген қызметтің тек біреуін атқарады: Иммунды

  216. Тамаққа тәбеті шаппай, тершіл болу ауруының белгісі: Туберкулез

  217. Адамтектес маймылдардың хромосома саны: 48

  218. Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химмиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған: А.Опарин

  219. Бірінші реттік консументтер: Қоян

  220. Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту үшін тамаққа қосатын балдыр: Ламинария

  221. Тұқым бүршігінен түзіледі: Тұқым

  222. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: Нефрон

  223. Глюкозаның оттекті және оттексіз ыдырауы кезінде түзілген энергия: 1520 кДж

  224. Биологиялық объектілердің көмегімен адамға қажетті өнімдер өедіру: Биотехнология

  225. Құрылысы мен шығу тегі бір атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер: Гомологиялық

  226. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид

  227. Жасушасыз тіршілік иесі: Вирус

  228. Қант, спирт, бояу, лакмус алуға қолданылады: Қыналар

  229. Қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат: Шырша сүрегі

  230. Себет гүлшоғырына жататын өсімдік: Күнбағыс

  231. Жұқпалы ішек аурулары: Қантышқақ (дизентерия)

  232. Қосалқы тамыр дамиды: Сабақ пен жапырақтан

  233. Өсімдіктің ұрықтануының жүруі: Тозаңданғаннан кейін

  234. Өсімдік пен жануардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік: Жасыл эвглена

  235. Сазанның миы: Бес бөлікті

  236. Қанда еріген зиянды өнімдерді ағзадан бөліп шығаратын жасыл бездері бар буынаяқтылар: Бунақденелілер

  237. Қызылшақа балапан шығаратын құстар: Торғайтәрізділер

  238. Қалқанша безі бөлінетін гормон: Паратгормон

  239. Шеткі жүйке жүйесі тұрады: жүйкелер мен жүйке түйіндерінен

  240. Қан айналым мүшесін құрайтындар: жүрек және барлық қантамырлар

  241. Ана мен ұрық арасындағы дәнекер: Ұрықжолдас

  242. Липидтердің қызметі: Энергетикалық

  243. Тірі материя жаралымының ең төмен деңгейі: Молекулалық

  244. Консументтерге жататын ағзалар: Гетеротрофтар

  245. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым: К.А.Навашин

  246. Көлденең жолақты бұлшықет: Жүрек

  247. Паразит саңырауқұлақтар тарататын тері ауруы: Теміретка

  248. Митохондрия: Энергия көзі органоиды

  249. Популяцияның генетикалық құрылымын зерттеген ғалым: В.Иогансен

  250. Ең көрнекті трансформист: Ж.Б.Ламарк

  251. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы: Ұлпа

  252. Паразит саңырауқұлақтарға жататындар: Қаракүйе

  253. Қына қабаттамасындағы (денесіндегі)жасыл балдырлардың рөлі: Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді

  254. Ғалым Н.И.Вавилов дәлелдеді: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталығын

  255. Адам жүрегінің тыныштық күйде минутына жиырылуы: 70-75 рет

  256. Тері ауруларын емдейтін дәрігер: Дерматолог

  257. Қазақстанның Қызыл кітабының тұңғыш рет шыққан жылы: 1978

  258. Тамырдың ең ұшын жауып тұрады: Тамыр оймақшасы

  259. Орамжапырақ (қырыққабат) жемісі: Бұршаққын

  260. Қоңыздардың тыныс алу мүшесі: Хитинді демтүтікшелер

  261. Қыстап шығатын құс: Шымшық

  262. Төс сүйегінде қыры болмайтыг құс: Түйеқұс

  263. Көлденең-жолақты ұлпадан тұратын бұлшықет: Жүрек

  264. Мишықтың орналасуы: Сопақша ми мен көпірдің артқы жағында

  265. Қантамырларының қабырғасы түзілетін ұлпа: Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы

  266. Бауырдың ауруы: Цирроз

  267. Жоғары дәрижелі жүйке қызметінің негізін қалаушы ғалым: И.П.Павлов

  268. 1г. көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия: 17,6 кДж

  269. Агроценоздар: Жасанды биогеоценоздар

  270. Амебаның тыныс алуы: Суда еріген оттегімен

  271. Орамжапырақ тұқымдастарында тостағанша саны: 4

  272. Цитоплазманың түп негізі: Гиаплазмалар

  273. Ата тектер мен өзге де қандас туыстар туралы деректерді жинақтау: Генеалогиялық

  274. Көпжасушалы балдырлар болды: Протерозой

  275. Аналогиялық мүшелер мысал болады: көбелек пен құстың қанаттары

  276. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесіп, тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланатын тірі табиғаттың ерекше тобы: Саңырауқұлақтар

  277. Бір жасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада

  278. Бағалы ауылшаруашылық дақылдары: Жүгері, бидай, қарабидай, күріш

  279. Ағзаға енген бөгде заттарға қарсы ерекше нәруызды зат: Антидене

  280. Асқынғанда жөтеліп қан түкіретін ауру: Туберкулез

  281. Адам денесінің сыртқы жабыны: Тері

  282. Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымы шыққан жылы: 1991

  283. Гүлшанақтығ орналасуы: Генеративті бүршікте (гүл бүршік)

  284. Бидай дәнегінің едәір бөлігін алып жатады: Эндосперм

  285. Суда еріген оттегін бүкіл денесіне сіңіреді: Гидра

  286. Қатты затпен қоректенетін кененің ауыз мүшесі: кеміруші

  287. Қосмекенді деп аталу себебі: Суда және құрлықта мекендейді

  288. Белгілі пішіні, құрылысы, орны, және өзіне тән қызметі бар дене бөлігі: Мүше

  289. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше: Жұлын

  290. Жұп сүйек: Самай

  291. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі: Тіс сауыты

  292. Плазмалемманың негізгі химиялық құрамы: Нәруыз-60%, май-40%, көмірсу-2-10%

  293. Басылыңқы гендер: Рецессивті

  294. Барлық табиғаттағы өзгерістерді, оның даму заңдылықтарын (биосфера деңгейінде) ең жоғары жүйе ретінде қарастырылады: Биосфера

  295. Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырда, тамырсабақта орналасқан ұлпа: Негізгі

  296. Хинин, акрихин дәрілерінің емдік қасиеті: Безгек масаларын құрту

  297. Жүйелеудің ең негігзі өлшем бірлігі: Түр

  298. Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауы: Катаболизм

  299. Жоғарғы жүйке әрекетінің (ойлау, ес) пайда болуы: Кайназой

  300. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас, шығу тегі әртүрлі болады: Аналогиялық мүшелер

  301. Біржасушалы қарапайым жәндік: Жасыл эвглена

  302. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі: Бүршіктену

  303. Қыналарға ең қажетті жағдай: Оттегіне бай таза ауа

  304. Сцифос сөзінің мағынасы: Табақша

  305. Өкпені жарақаттайтын ауру: Туберкулез

  306. Қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді: Қарын сөлі

  307. Теректің жапырақтары: Жай

  308. Сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден таралатын: Жай шатыр

  309. Цианобактерияларға тән қасиетті көрсетіңіз: Фотосинтез құбылысы жүреді

  310. Қосарлы атау тізімді беруді ұсінған ғалым: К.Линней

  311. Тақтұяқтылар отрядының өкілдері: Жылқы, тапир, керік, құлан

  312. Жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан, жасушааралық заттары өте аз ұлпа: Эпителий

  313. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік: Көз қарашығы

  314. Бөгде бөлшектерді сіңіріп, қорыту процесін ашқан ғалым: И.И.Мечников

  315. АТФ молекуласының құрамында фосфор қышқылының қалдық саны: 3

  316. Тұқым қуалайтын өзгергіштегі гомологиялық қатарлар заңын ашқан: Н.И.Вавилов

  317. Алғашқы құрлық өсімдіктері: Псилофиттер

  318. Белгілі ғалым А.Н.Северцов: Эволюциялық негізгі бағыттарын анықтады

  319. Өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктерге жататын фактор: Абиотикалық (абиоздық)

  320. Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде орналасқан қорық: Барсакелмес

  321. Фотосинтездеуші ұлпада болады: Хлоропластар

  322. Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдік: Жолжелкен

  323. Органикалық заттар сүйектерге қасиет береді: Иілгіштік және серпімділік

  324. Бүйректің қызметінің бұзылуына қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюі: Нефрит

  325. Гистон: хромосомада құрылыс қызметін атқаратын нәруыз

  326. Ботаника ғылымы зерттейді: Өсімдіктер әлемі

  327. Шірнеліктер жататын ұлпа: Бөліп шығарушы

  328. Вольвокс шоғырының пішіні: Шар

  329. Тоспа ұлуы тыныс алады: Өкпе арқылы тыныс алады

  330. Асқабақ тұқымдастарға жатады: Қарбыз

  331. Тісіті зерттейтін ғылым: Стоматология

  332. Қынап жапырақты өсімдік: Бидай

  333. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы

  334. Пеницилл, аспергил саңырауқұлақтары жататын топ: Зең саңырауқулақ

  335. Терең суларда қозғалып жүретін көпжасушалы жәндік: Медуза

  336. Балықтардың жүрегі: Екі қуысты

  337. Гуморальдық реттелу дегеніміз: Гормон арқылы реттелуі

  338. Адамның дүниетаным қабілеті байланысты: Ми сыңарларының барлық аймақтарымен

  339. Қанды сол жақ құлақшаға әкелетін қантамыр: Өкпе венасы

  340. Хромосомаларда болатын: ДНҚ

  341. Басымды гендер: Доминантты

  342. Сыртында жұқа су қабықшасы бар жоғары молекулалы жиынтық: Коацерваттар

  343. Адамның жаралуы және пайда болуы: Кайнозой

  344. Өзі мекен ететін иесін ауруға шалдықтырып, тіршілік етуі: Паразиттік

  345. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы: Бөлім

  346. Күріш гүлінің формуласы: Гс2А3+3Ж(3)

  347. Үшбұрышты жалпақ сүйек: Жауырын

  348. Кеудені құрсақ қуысынан бөлетін бұлшық ет: Көкет

  349. РР витамині жетіспегенде кездесетін ауру: Пеллагра

  350. Гомологиялық хромосоманың конъюгациялануының жүретін фазасы: Мейоздық профаза

  351. Оңтүстік Алтайда орналасқан қорық: Марқакөл мемлекеттік қорығы

  352. Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен, екінші мүшесіне өткізуші ұлпа: Өткізгіш ұлпа

  353. Безгек ауруын таратушы: Безгек маса

  354. Жаздық және күздік іріктемелері болады: Бидай

  355. Жүректің бұлшықетті қабаты: Миокард

  356. Ультракүлгін сәуленің әсерінен адам ағзасында түзіледі: Д дәрумені

  357. Сабақтың орталық бөлігі: Өзек

  358. Шырынды жемісті өсімдік: Беже

  359. Дән қоректі ұлпа: Кептерлер, тауықтар

  360. Тікентерілілердің тынысалуын, бөліп шығару қызметін атқарады: Өкпе

  361. Сүйекті-шеміршекті балықтар: Шоқыр, бекіре

  362. Айырша безінен бөлінетін гормон: Тимозин

  363. Рефлекстік доға неше бөлімнен тұратынын белгілеңіз: Бес бөлімнен

  364. Сүйекті түзетін ұлпа: Эпителий

  365. Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігін тудыратын тынысалу орталығының қозуы: СО2 концентрациясы артқанда

  366. Ішек-қарын ауруларының қоздырғыштар таралуына себепші: Шыбындар

  367. Гаструла бұл: екі қабатты ұрық

  368. Тіршіліктің табиғи теориясын тұжырымдады: А.Опарин

  369. Қолдан сұрыптауда: Асыл тұқым мен іріктемелер алынады

  370. Бір жасушалы саңырауқұлақ: Ашытқы саңырауқұлақ

  371. Судың ең терең қабатында тіршілік етеді: Қызыл балдыр

  372. Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан пайда болады: Ұрық

  373. Энергия көзі – АТФ молекуласын және нәруыз, РНҚ молекулаларын синтездеуші органоид: Митохондриялар

  374. Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салған: К.Корнес, Э.Баур

  375. Су қоймасындағы продуцент: Балдыр

  376. Үстірт қорығы ұйымдастырылған: Маңғыстау

  377. Даражарнақтылар класына жататын тұқымдас: Құртқашаш тұқымдасы

  378. Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамырлар тобы: Артерия

  379. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы: Мұрын қуысында

  380. Гатрит асқазаанның қабынуы: Қарынның сілемейлі қабығының ауруы

  381. Ыстықтан, қайнаған су мен ыстық темір, от және химиялық заттардан болады: Күйік

  382. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік: Пластидтер

  383. Кіндік тамырлы өсімдік: Бақбақ

  384. Жай гүлсерікті өсімдікті: Қызғалдақ

  385. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер: Дәуіттер

  386. Өзен-көлдерде, бөгеттерде тіршілік етеді: Спирогира

  387. Жорғалаушылардың жүрегі тұрады: Екі жүрекшеден, бір қарыншадан

  388. Балықтардың дене температурасы байланысты: Қоршаған ортаның температурасына

  389. Ішкі секреция безі: Гипофиз

  390. Сыртқы құлақты ортаңғы бөліп тұрады: Дабыл жарғағы

  391. Қысқа сүйек: Омыртқа

  392. Митоздың телофаза кезеңінде: Хромосомалар екіге бөлінеді, ядро қабықшасы түзіледі, екі жас жасуша пайда болады

  393. Парапитектің пайда болуы: Кайназой

  394. Белгілі иесінде өмір сүретін: Эндобионттар

  395. Ішектің қабырғасындағы сілемейлі қабықшаны бүлдіріп, жара қылады: Қантышқақ амеба

  396. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М.Бейернек

  397. Қырықбуынның көктемде дамитын өркенінде болады: Масақшасы бар қоңыр өркендер

  398. Гиалоплазма: Цитоплазманың түп негізі

  399. Мутация тудыратын факторлар: Мутагендер

  400. Алғашқы құс-көнеқұс пайда болуы: Мезозой

  401. Ботаника ғылымы зерттейді: Өсімдіктерді

  402. Қырықбуынның спорасының жетілетін жері: Көктемгі өркен масақшаларында

  403. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік: Жоңышқа

  404. Астың сілекеймен шылануы: Ауыз қуысында

  405. Дене температурасының бірқалыпты деңгейде сақталуы: Жылуды реттеу қызметі

  406. Мендель тәжірибесінде белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттеудегі қолданған әдіс: Гибридологиялық

  407. Жарық микроскопының басты бөлігі: Үлкейткіш шыны

  408. Саңылау арқылы жапыраққа енеді: Ауа

  409. Қанатты жеміс кездеседі: Қайың

  410. Зогита дегеніміз: Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы

  411. Қынада органикалық зат түзетін: Балдыр

  412. Ішекте өмір сүретін паразиттер: Эндопаразиттер

  413. Аяқсыз қосмекенділер: Сақиналы құртжылан

  414. Ұйқы безінен бөлінетін гормон: Инсулин

  415. Есту рецепторының жұмысының бұзылу себебі: Үнемі қатты музыка тыңдау

  416. Эритроциттердің түзілетін орны: Сүйек кемігінде

  417. 1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия: -38.9 кДж

  418. Тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей: Молекулалық-генетикалық

  419. Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар: Эдафобус

  420. Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер: Бақалшақты біржасушалы

  421. Қалпақшасының асты түтікшелі саңырауқұлақ: Ақ саңырауқұлақ

  422. Жүйке ұлпасының негізгі қызметі: Қозғыштығы және қорғаныш

  423. Оң жақ өкпе бөліктері: 3

  424. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты: Плазмалемма

  425. Кайнозой кезеңі: Неоген

  426. Өлі табиғатқа жатады: Тау жыныстары

  427. Туберкулез қоздырғышы: Кох таяқшасы

  428. Даржарнақтылар класының тұқымдасы: Астық

  429. Жүйке жасушасының қысқа өскіні: Дендрит

  430. Адамның жүрегінің бөлігі: 4

  431. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруі: Модификациялық өзгергіштік

  432. Тірі ағзаның ортақ белгісі: Денесі жасушадан тұрады

  433. Сабақ қалемшесінен өсірілетін өсімдік: Қарақат

  434. Өсімдіктің тыныс алуы: Оттегін сіңіру, көмірқышқыл газын бөлу

  435. Қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасушасы: Эритроциттер

  436. Биіктігі 60 метрге жететін балдыр: Қоңыр балдыр

  437. Гүлге ұқсас ішекқуыстылар: Актиния

  438. Жорғалаушыларға жататындар: Жылан

  439. Аралас бездер: Ұйқы және жыныс

  440. Қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша: Сыртқы қабықша

  441. Көмірсу қорытыла бастайды: Ауыз қуысында

  442. Жүйке жүйесі түзілген ұрық жапырақшасы: Эктодерма

  443. Оттекссіз ортада тіршілік ететін ағзалар: Анаэробты

  444. Органикалық дүние эволюциясында тірі ағза құрылысының күрделенуі: Ароморфоз

  445. Лас суда, кір көкеністе, жеміс-жидекте болатын қарапайым жәндік: Дизентерия амебасы

  446. Қағаз алуға қолданылады: Шырша

  447. Дыбыс сіңірлері орналасқан: Көмекейде

  448. Ағзадағы негізгі энергия көзі: Көмірсу

  449. Эндоцитозға қарама-қарсы процесс: Экзоцитоз

  450. Жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталған өсімдіктер тіршіліктің мына формасына жатады: Гемикриптофиттер

  451. Бактерия спорасының қызметі: Қорғаныш

  452. Табиғатта қолайсыз жерлерде өсе береді: Қыналар

  453. Алма ағашына тән тозаңдану: Бунақденелілермен

  454. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны: 12 жұп

  455. Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттыратын гормон: Адреналин

  456. Тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге жауар қайтара алу қасиеті: Тітіркеніштік

  457. Қазақтың арқар-меринос тұқымын шығаруға қатысқан ғалым: А.Жандеркин

  458. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К.А.Тимирязов

  459. Жемісі бұршаққынды өсімдік: Орамжапырақ

  460. Безгек ауруын қоздыратынпаразитті ашқан ғалым: А.Левенгук

  461. Құстардың қарны неше бөлікті: 2

  462. Бауыраяқты былқылдақденелі жәндік: Тоспаұлу

  463. Құстың майтәрізді сұйықтық бөлетіні: Құйымшақ безі

  464. Көз ауруларының ішінде көбірек тараған жұқпалы ауру: Коньюнктивит (көз қарығуы)

  465. Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты: Мишыққа

  466. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше: Көмекей

  467. Қарында ақуыз ыдырататын фермент: Пепсин

  468. Жасушаның бөлінуіне жауапты роль атқаратын органоид: Жасуша орталығы

  469. Монголоидтік нәсілдердің белгілері: Жалпақ бетті, көздері қысықтау

  470. Жасуша ішіндегі сүйықтықтың қысымын реттейді: Вакуоль

  471. Қырықбуынның споралары дамиды: Масақша

  472. Түнде зәр тоқтамайтын ауру: Энурез

  473. Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауы: Глюколиз

  474. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған: Т.Морган

  475. Әр түрге жататын ағзалардың өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуі: Селбесу

  476. Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзілетін бөлігі: Асқорыту вакуолі

  477. Қыналарға ең қажетті жағдай: Оттекке бай таза ауа

  478. Көздің қосымша аппараттарына жатпайды: Нұрлы қабықша

  479. Тамақтан уланудың себептері: Улы саңырауқұлақ, сапасыз тамақ жеу

  480. Ағзадан кейінгі жоғары биологиялық жүйе: Популяциялық

  481. Қазақстанда Қызыл кітаптың үшінші басылымы: 1996 ж

  482. Қазақстанның Қызыл кітабы тұңғыш рет жарыққа шықты: 1978 жылы

  483. Өсімдіктердің жасыл болуы байланысты: Хлоропластар

  484. Жасымықшалар дегеніміз: Тыныс алуға қатысатын жасушалар

  485. Жемісі тұқымша өсімдік: Күнбағыс

  486. Бұршақтұқымдастардың ең ірі күлте жапырақшасының атауы: Желкен

  487. Жаздық бидайды себу мерзімі: Көктемде

  488. Құстарда алғашқы қорытылу басталады: Жемсауда

  489. Суда жүзетін құстар: Қаз

  490. Жасушада рибосомалар синтездейтін заттар: Нәруыздар

  491. Қаны бірінші топқа жататын адамға қай топтағы қанды құяды: Тек бірінші топтағы

  492. Нәсілдік тұқымқуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші: Хромосома

  493. Гормондар табиғаты жағынан: Ақуыз

  494. Әрбір жеке түрге тән хромосомалар жиынтығы, саны, мөлшері мен пішінін сипаттайтын: генетикалық критерий

  495. Гидраның асқорыту-бұлшықет және безді жасушалары орналасқан қабат: Энтодерма

  496. Жалған түлкіжем (улы) саңырауқұлағын кәдімгі түлкіжемнен (жеуге жарамды) айырмашылығы: Қалпақшасының үсті тегіс, қызғылт-сары түсті, қалпақшасын бөлгенде шырын бөлінбейді

  497. Аксонның сырты қапталған: Май текті ақ қабықшамен

  498. Қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше: Несепағар

  499. Митохондрияның құрамында: 65-70% нәруыз, 25-30% липидтер мен нуклейн қышқылдары және витаминдер болады

  500. Дигибридті будандастырудағы F2 ұрпақта фенотипі төрт түрлі генотипті көрініс береді: 9:3:3:1

Добавить документ в свой блог или на сайт


Реклама:

Похожие:

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconФотосинтез
Фотосинтез жер бетіндегі жасыл жамылғының күн жарығы энергиясының қатысында органикалық заттарды түзу үрдісі. Бұл күннің ғарыштық...

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconТерінің маңызы
Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар...

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconҚазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Стамбул процесіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері конференциясында сөйлеген сөзі
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Стамбул процесіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері конференциясында сөйлеген сөзі

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconСценарий і Қонаев алаңы 20. 06. 2007. сағ. 19: 00
Чапаев ескерткіші жанында қонақтарға арналған сахна орнатылады. Жүргізушілер ауыл әкімшілігі жанындағы сахнадан сөйлейді. Мерекеге...

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconИнформация және информатика
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconҚұрметті респондент!
Сот процесіне қатысушы азаматтар мен басқа да тұлғалардың арасында сот жұмысына баға беру үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес...

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconЖануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне,
Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі...

Жануарларды Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар iconМында өту: шарлау, іздеу Өсiмдiктiң жапырағы
Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©koz3.edutexts.org 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы